Қазақстанның Кәсіподақтар күнін мерекелеу аясында пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін “Қостанай минералдары” АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының “Хризотил” филиалының кубогына волейболдан жыл сайынғы ХІІІ турнирі қайта жанданды.
Жарысқа “МехЛитКом” ЖШС командалары, “Қостанай минералдары” АҚ бөлімшелері – тау-кен көлік кешені, байыту кешені, Энерго басқару және кәсіпорынды басқару, сондай-ақ Жітіқара политехникалық колледжінің командалары қатысты.
Турнирдің үздік ойыншылары: ерлер арасында – “МехЛитКом” ЖШС Юрий Памурзин, әйелдер арасында – “КМ”ақ энергия басқармасынан Елена Пугина атанды.
Жеңіске деген ерік-жігері үшін жүлдемен “МехЛитКом” ЖШС командасы, үшінші орынды байыту кешенінің командасы, екінші орынды тау-кен көлік кешенінің командасы жеңіп алды. Ал бірінші орын және “Хризотил” филиалының ауыспалы кубогы “КМ” АҚ Энергобасқару командасына бұйырды.
Барлық командаларға естелік сыйлықтар табысталды. Турнирдің жеңімпаз командасы мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.