“СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ басшылығы мен жергілікті кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік әріптестік нәтижесінде кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарының қорғалуы, әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізу, еңбек қауіпсіздігі сұрақтары жүйелі түрде шешіліп келеді.
Жергілікті кәсіподақ ұйымы Президиумының кезекті жиналысына “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ Бас директорының орынбасары Махамбет Санжанов қатысып, кәсіподақ пен басшылықтың арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталып өтті.
Еңбек ұжымы ішіндегі әлеуметтік тұрақтылық, өндірістік жоспарлардың орындалуы, еңбеккерлерді әлеуметтік қолдау бір-біріне байланысты екенін атап өтіп, жергілікті кәсіподақ қызметкерлерін “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ инвестициялық қызметіне 25 жылдығына арнайы дайындалған мерекелік төсбелгілермен марапаттады.