Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні атап өтілді

Елімізде қазан айының үшінші жексенбісі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген адамдардың «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі аталып өтеді.

Бұл айтулы мереке «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де аталып өтілді.

Салтанатты жиынды, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің бас директоры Пилалов Қанат құттықтау сөзімен бастап, әрі қарай мерекеге орай қызметтік міндеттерін абыройлы атқарғаны және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, адал еңбегімен көзге түскен мекеменің кәсіподақ мүшелеріне алғыс хаттар мен медальдарды табыстаумен жалғасты.

Атап айтқанда, орман шаруашылығына қосқан үлесі мен көпжылдық еңбектері үшін «Еңбек даңқы» медальдарымен Шуменов Чингиз, Киикова Айжан және Кембаев Ұласбек марапатталса, «Ардақты ардагер» медалімен Қуандықов Бауыржан және «Үздік қызметкер» медалімен Тастанбеков Асхат мараппаталды.

Сондай-ақ, орман шаруашылығы саласына сіңірген адал еңбектері үшін Ахметов Айдос, Байсариева Роза, Тиленов Арман, Айхынбаева Гулжан және Жиренбаев Тайырға алғыс хаттары табысталды.

Өз кезегінде, аталған мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айгерім Жанконысовада жиылған қауымға осы айтулы мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Салтанатты іс-шара, басқарма қызметкерлерінің арасында қол күресі, кір тасын көтеру, арқан тартыс, және асық ойнау ойындары спорттық сайыстармен өз жалғасын тапты.