«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Кеңесте салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активтері қатысты. Күн тәртібінде ағымдағы жылдың 10 қазанында Астана қаласында Кәсіподақтар күніне орай болған Ынтымақтастық форумының нәтижелері және 25 қазан – Республика күніне ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары мен Еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар ұйымдастыру жайы талқыланды.
Төраға Бердіғали Өмірәлі кеңеске қатысушыларға өткізілген іс-шаралар мен атқарған жұмыстарын баяндап өтті. Сондай-ақ, кеңесте «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне 2023 жылғы жазылу науқаны бойынша салалық кәсіподақ басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «YouTube» арнасына жазылу және қаралым санын арттыру мәселесі талқыланып, кеңес төрағасы бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар назарда екенін ескертті. Жиын соңында 25 қазан – Республика күніне орай марапаттаулар бойынша төрағалардың ұсыныс-тілектері тыңдалды.