ҚР Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің мүшелері Халықтық коалицияға кіру туралы шешім қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Халықтық коалиция ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау іс-шаралары туралы мәселе қаралды.

Қарастырылып отырған мәселе бойынша сөз алған ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев алдағы президенттік сайлаудың маңыздылығын атап өтті. Ол өткен «Бірлік. Әділеттілік. Даму» Ынтымақтастық форумында кәсіподақ көшбасшылары ҚР қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдағанын еске салды. Форумға қатысушылар «2022 жылғы күзгі сайлау науқанындағы ҚРКФ іс-әрекеттері туралы» қарарда бірегей шешімді бекітті, онда «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел Президенті лауазымына кандидатурасы кәсіподақтардың талаптары мен үміттеріне жауап береді» деп көрсетілген.

Бұл ретте Нұрлан Өтешев өңірлердегі кәсіподақ ұйымдарының бұл шешімді құптап, жақсы қабылдағанын баса айтты.

«Қабылданған қарар аясында жұмыс атқаратын боламыз. Қабылданған уақыттан бері Кәсіподақтар федерациясы мүше және басқа да көптеген қоғамдық ұйымдар тарапынан қолдау сөздерін алуда», – деді ол.

Оның үстіне, Нұрлан Өтешевтің айтуынша, азаматтық қоғам Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Халықтық коалиция құрамына кіруі туралы ұсыныс жасады.

Бірыңғай кандидатты қолдау мақсатында Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Кәсіподақтар федерациясының Халықтық коалицияға кіруі және сайлау кезеңінде оның қызметіне жәрдемдесу мәселесін дауысқа салды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин баяндамашыны тыңдай келе, кәсіподақтардың қазіргі Президенттің кандидатурасын қолдау жөніндегі ұстанымы ең алдымен еңбек ететін азаматтардың мүддесін ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.

«Бұл шешімді Ынтымақтастық форумында бірлесіп қабылдағанымыз маңызды. Кәсіподақтардың басты міндеті – аманаттарды бірлесіп әзірлеу. Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз, дегенмен біздің аманаттарымыз жүзеге асырылуы тиіс. Осындай маңызды сәтте шетте қалмауымыз керек. Дәл осы кезеңде біз бүгінде әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелердің барлығын көрсетуіміз тиіс. Жұмыскерлердің жағдайын жақсарту мәселесін көтеріп, оның үстіне оларды президенттікке кандидаттың  бағдарламасына енгізуді ұсыну қажет», – деді Сатыбалды Дәулеталин. Федерация төрағасы кейіннен жалпылау және ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды  құжаттарына енгізу үшін кәсіподақ ұйымдарынан кандидатқа аманаттар жинау міндетін қойды.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы кәсіподақтардың өздерін нағыз қозғаушы күш ретінде айқын көрсететін кез келгеніне тоқталды.

Бұл ретте ҚРКФ басшысы «Аманат» кәсіподақтар достастығы ұсынған кандидатқа қатысты Кәсіподақтар федерациясының ұстанымын нақтылады.

«Кейбір өңірлерден, ҚРКФ мүше ұйымдардан кәсіподақтардан кандидатты қолдауға шақырулар туралы ақпарат келіп түсуде. Иә, бізде ынтымақ деген ұғым бар, кәсіподақтардың біріккен әрекеті деген ұғым бар, бірақ «Аманат» КД өкілдері ынтымақтастық мәселесі бойынша бізге хабарласпады. Бұл мәселе ешбір деңгейде талқыланбады және пысықталған жоқ. Бұл мәселеде Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүше ұйымдары ортақ ұстанымды анықтады және ұжымдық және ерікті түрде қабылдаған шешімдерді нақты ұстануы тиіс», – деп үндеу тастады ҚРКФ төрағасы.

Отырыс қорытындысы бойынша Атқару комитетінің мүшелері қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын, оның ішінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бойынша кәсіподақ идеяларын жүзеге асыруға бағытталған реформаларын қолдады.

ҚРКФ Атқару комитеті Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Халықтық коалиция құрамына кіру бастамасын бірауыздан қолдады.

 

ҚРКФ медиаорталығы