Жамалбек Әбдіжәліл Нәженұлы еңбек жолын 1983 жылы «Маңғышлақмұнай» бірлестігінде Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасының инженер-геологы болып бастаған. 1996 жылы Қазығұрт ауданы әкімі аппараты, жалпы бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне қабылданады. 2002 жылдан бастап Қазығұрт ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін қоса атқарып келді. Содан бүгінгі күнге дейін 26 жыл үздіксіз мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып, бейнеттің зейнетін көретін жасқа толып отыр.
Мерейлі сәтте Қазығұрт аудан әкімі Арман Абдуллаев, «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева, аудан маслихатының хатшысы Өрісбай Көпеев және аудан әкімшілігінің қызметкерлері аудан әкімінің кеңесшісі- мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің бас инспекторы Жамалбек Әбдіжәліл Нәженұлын зейнет жасымен құттықтап, иығына шапан жауып, құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.