Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Үздік бастауыш класс мұғалімі-2022» байқауы өтті. Оған Темір ауданындағы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Байқауға қатысқан мұғалімдер «Менің үздік сабағым» (шығармашылық жұмыс), «Шеберлік минуты» (сабақ үлгісін көрсету), «Сұрақ бізден, жауап сізден» (Ситуациялық сұраққа жауап беру) кезеңдері бойынша бақ сынады.
Сайыс нәтижесінде Шұбарқұдық гиназиясының бастауыш класс мұғалімі Баянды Аралбаева І орын иеленсе, ІІ орын Эльмира Куанышкалиеваға бұйырды. Жаналық Дельмухамбетова жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды. Жүлдегерге аудандық кәсіподақ ұйымы атынан шипажайға жолдама табысталды.