Халықаралық еңбек ұйымының «Лайықты еңбек үшін Дүниежүзілік іс-қимыл күні» акциясы аясындағы «Әділ еңбекақы» ұранымен орайластырылған ұжыммен кездесулер мен дөңгелек үстелдер «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-нің барлық құрылымдық бөлімшелерінде өткізілді.
Жиналыстар мен дөңгелек үстелдерде жалақының өзекті мәселелері, еңбекақының уақтылы төленуі, қызметкерлердің жалақысынан заңсыз ұстап қалуға жол бермеу, әлеуметтік – экономикалық құқықтар мен мүдделер және кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау деңгейі талқыланды. Сондай-ақ кәсіподақ мүшелері салалық тарифтік келісім мен ұжымдық шарттың көмегімен еңбекке ақы төлеудің әділ жүйесін, материалдық көтермелеу нысандарын белгілеуге, еңбекке ақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ережелерді бекітуге және т. б. ықпал ете алатындығы айтылды.
Бұдан басқа, қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережесімен және еңбек және жалақы саласындағы нормативтік құқықтық актілері таныстырылды.
Жұмыс беруші тарапынан еңбекақы төлеу және ұжымдық шартты орындау бойынша бұзушылықтар жоқ екендігі атап өтілді.
Дүниежүзілік іс-қимыл күніне арналған бұл іс-шаралар кәсіподақ қозғалысының лайықты еңбек үшін күреске қосқан үлесіне айналды және “ӘТЖК” ЖШС қызметкерлеріне лайықты еңбек адамдардың бейбіт өмір сүруі мен әл-ауқатының кепілі болып табылатынын, кедейлікті жоюға, адам құқықтары мен бостандықтарын кемсітуге жол бермеуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.