Еңбеккер бейнесі – Жиеналина Гүлбарам Жақыпбекқызы

Ұлағатты ұстазға жарқын болашаққа қарышты қадам басқан әр азаматқа ауқымды да аса жауапты міндеттер жүктеледі. Осы орайда елжанды, мәдени өресі биік тұлға тәрбиелеуде алдымен ұстаздарға жүктелер жауапкершілік жүгі әрқашан салмақты. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ал ұстаз болу – мәртебелі әрі жауапты іс. Әр жаңа оқу жылының басты мақсаты – бұл оқушыларға жақсы тәрбие мен мықты білім беру.

Осы салада 43 жыл бойы еңбек еткен, атын мектеп тарихына алтын әріппен жазып қалдырған ардагер ұстаз Жиеналина Гүлбарам Жақыпбекқызы осындай үлгі тұтар ұстаздардың бірі. Ол 1986 жылы Павлодар педагогикалық колледжін тамамдаған. 1979 жылы Лебяжі ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа кіреді. Содан кейін 2005 жылдан бастап 2022 жылға дейін өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. Сол жылдардан бастап аға тәлімгер міндетін бірге атқарды. Гүлбарам Жақыпбекқызының еңбек жолына тоқтала кетсек ол кісі көптеген жобалардың авторы және мемлекеттік, республикалық, облыстық марапаттардың иесі. Ол кісінің мейірім жобасын аудан көлемінде әрбір мұғалім қолданады.

Марапаттары: «Біз және заң» облыстық жобасы аясында «Ең үздік құқықтық бұрыш» облыстық қашықтық сайысы 3 орын, білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы алғыс хаты және 2019 жылғы құрмет грамотасы. ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі 08497. Гүлбарам Жақыпбекқызының көптеген еңбектері республикалық, облыстық кітаптарда басылған.