«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің белсенділері және Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі дінтанушы, психолог Қанат Маратұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облыстық әйел-қыздар секторының меңгерушісі Айгерім Атымтайқызымен кездесу кеші өткізілді.
Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарды адамгершілік құндылықтар мен отбасылық дәстүрлерді сақтау, әке мен ана, ұл мен қыз тәрбиесіне көңіл бөлу, өңірімізде орын алып жатқан түрлі жағдайлардың алдын алу.