«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтарал аудандық филиалдың төрағасы Қ.Хаметов, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мәдениет үйінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен және жергілікті халықпен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында кездесу өткізді.
Кездесуде президенттің жолдауында айтылған мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларына қатысты және халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ кездесуде “Әлеуметтік әріптестік жылы” аясында, өңірдегі еңбеккерлердің еңбек құқықтарын қорғау мен еңбек жағдайларын жақсарту, айлық жалақыларының уақытылы төленуі, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, еңбек наразылықтарының алдын алу бойынша кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарындағы жағдайға ықпалын арттыру арқылы еңбек дауларының туындауына жол бермеу, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында еңбеккерлер арасында кәсіподақ ұйымдарына сенімді нығайтуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмысқа қатысты мәселелер қаралды.