Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Мамырбекұлының қатысуымен, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастауыш кәсіподақ ұйымында жаңа кадрлық тағайындаулар болды.
Жиында осы уақытқа дейін аталған мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтін атқарып келген Әлмет Оразбеков басқа қызметке ауысуына байланысты, орнына Қоңқабаев Төлеген Мәдиұлы сайланды.