Әлеуметтік қызметкерлер мен қызмет алушылар марапатталды

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орталықтың қызметкерлерге және орталыққа кезекті 10-ауысымға келген қызмет алушыларға арналған орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының және мамандарының ұйымдастыруымен «Шынықсаң-шымыр боларсың!» атты спорттық сайысы, әрі «25 қазан – Республика күніне» арналған концерттік іс-шарасы өткізілді.

Орталықтың басшысы Ақмарал Ақылбекқызы және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы «Республика күнімен» және «Әлеуметтік қызметкерлер күнімен» құттықтап, еңбектеріне табыс тілеп, кәсіподақ атынан қызметкерлерге арнайы сыйлықтары мен «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстады.

Ал, спорттық іс-шара қатысушыларының жеңімпаздарына орталық басшысы «Алғыс хаттарын» табыстады.

Мерекелік іс-шара Шымкент қалалық “Өнер” мектебі ұстаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.