Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы бастауыш кәсіподақ ардагерлер ұйымымен және Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесімен бірлесіп, Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күніне орай аға буынға алғыс білдіре отырып, Қарағанды облысының кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлкен үлес қосқа еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін үйлеріне барып құттықтады. Ардагерлер қатарында Зекен Ермекова, Татьяна Дьякова, Валентина Трофимова, Надежда Зеленина, Валентина Москаленко, Надежда Солодухина, Пелагея Калашникова, Тамара Ленченко болды.
Кәсіподақ өкілдері ардагерлерге зор денсаулық, бақытты ұзақ өмір, жарқын көңіл-күй мен амандық тілеп, материалдық көмек көрсетті.
Аға буынмен өтетін әрбір кездесу, ең алдымен, ұрпақтар сабақтастығы, әркімнің жадында қалатын, жастарға берілетін рухани әңгімелер және қоғамдық, еңбек қызметтері туралы жақсы естеліктер орын алатын баға жетпес уақыт болып табылады.