Кәсіподақ кітапханашыларды құттықтады

Кітапхана – білім мен ғылымның, жоғары парасат пен мәдениеттің ордасы. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан бітіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген киелі мамандық иелері-кітапханашылар.

24 қазан – кітапханашылар күніне байланысты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға қатысушыларды жоғары оқу орнының ғылым және инновация жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров құттықтады. Университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы О.Сұлтанғалиева да ізгі тілегін арнап, кәсіподақ мүшелеріне арнайы сыйлықтар табыстады.