Кәсіподақтар федерациясында Республика күні мерекесіне орай еліміздің барлық салалары мен өңірлерінен келген кәсіподақ көшбасшылары мен кәсіподақ белсенділерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Әріптестерді қарсы алған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаты ретінде «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны бекітуге дауыс беруге қалай қатысқаны туралы естелігімен бөлісті.
«Бұл мерекеге мемлекеттік мереке мәртебесін беру – Президенттің тарихи әділеттілік жолындағы қадамы. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы тиіс. Қазақстан үшін өткен 32 жыл тағдырлы шешімдерге толы болды. Осы жылдар ішінде қазақстандықтардың игілігіне жұмыс істеуге қабілетті экономиканың іргетасы қаланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына даңғыл жол ашылды», – деп атап өтті Мұхтар Тінікеев.
Ол барлық кәсіподақ мүшелеріне Федерация қатарындағы бірлік пен ынтымаққа, сондай-ақ еңбекшілердің мүддесі жолында идеяға адалдығы мен ортақ іске берілгендігі үшін алғысын білдірді.
«Барлық қиындықтар мен жеңістерді халықпен бөлісе отырып, кәсіподақтар Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға белсене қатысу туралы бірауыздан шешім қабылдады. Ынтымақтастық форумында біз Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау туралы алқалы шешім қабылдадық. Форумға қатысушылар «2022 жылғы күзгі сайлау науқанындағы ҚРКФ іс-қимылдары туралы» қаулыда «Ел Президенттігіне Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасы кәсіподақтардың талаптарына мен сенімдерін сай келеді» бірыңғай шешімді бекітті», – деді ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары.
Өз кезегінде сөз алған «Қызмет» салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мирболат Жақыпов әрбір еңбекті бағалау керектігін қадап айтты.
Қазақстандық мұнай және газ өнеркәсібі кәсіподағының төрағасы Елена Мұстафина Республика күні ұлттық мерекенің мерекелік күнтізбеге қайта оралуы әділеттілік пен қазақстандық қоғамның жаңаруының символы екенін атап өтті.
Жоғары мемлекеттік наградалар әртүрлі салалардағы қызметкерлердің кәсіподақ саласындағы көп жылғы еңбегімен ерекшеленді.
Президенттің Жарлығына сәйкес Астана қаласындағы «Қазводхоз» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Құдайберген Қалыбек «Парасат» орденімен марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен Жамбыл облысы «Амангелді Газ» ЖШС газ өндіру қондырғысының операторы Амангелді Әбдешов марапатталды.
«Құрмет» орденімен Ақтөбе қаласындағы «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС жұмысшыларының жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Бекболат Умаровтың сіңірген еңбегі атап өтілді.
«Ұстаз» кәсіподақ ұйымының Алматы қалалық ұйымының төрағасы Серікжан Байғұттинов, Атырау қаласындағы «Юрест Стопсервис» ЖШС жүргізушісі Мақсот Қалихов, Қостанай қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қоймашысы Күмісбике Нұрғалиева және «Қызмет» кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мұхтарита Сағындықова, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Ақмола магистральдық желі филиалы» орталық байланыс станциясының 1-топ электр монтері Мейрамбек Төкенов, Қызылорда облысы «Қамқор Локомотив» ЖШС «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалының қозғалмалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь Еділхан Өмірзақов, Өскемен қ. Атом өнеркәсібі қызметкерлері салалық кәсіподағы «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жергілікті кәсіподақ кәсіподақ комитеті төрағасы Алексей Феоктистов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Төрехан Ерденбеков марапатталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің шешімімен Астана қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин ҚРКФ «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.
Марапатталғандар Кәсіподақтар федерациясына қарапайым еңбеккерлердің еңбегін әділ бағалап, еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.
ҚРКФ медиаорталығы