Павлодардағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының филиалына үш айдан астам жалақы алмаған Павлодар қаласының құрылыс кәсіпорындарының бірінің қызметкері жүгінді, нәтижесінде ҚР Еңбек кодексінің 49-бабының 5) тармағы бойынша қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзып, жаңа жұмыс орнына жұмысқа орналасты. Қызметкерге ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының талаптарына сәйкес жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей айына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында белгіленетіні және ақшалай нысанда төленетіні түсіндірілді. Жалақы төленбеген кезде жұмыс беруші төлем жүргізілуі тиіс келесі күннен бастап және төлем күнімен аяқталатын әрбір мерзімі өткен күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1, 25 еселенген базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, жұмыскерге төлемді кешіктіру кезеңі үшін жауаптылықта болады және берешек пен өсімпұл төлейді.
Қызметкерге кәсіпорынның келісім комиссиясына өтініш жасау бойынша құқықтық көмек көрсетілді, мәселе тұрақты бақылауға алынды.
Кәсіподақ мүшелері – қызметкерлер күн сайын кеңес алу мәселелері бойынша Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3, 2а кабинет мекенжайы бойынша және 87477025840 жедел желі телефоны бойынша жүгіне алады.