Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесімен және 25 қазан – Республика күнімен құттықтау мақсатында Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл желек» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымына барды.
Атаулы мерекелерді арқау еткен басқосуда кәсіподақ жұмыстары сөз етіліп, әрі қарай Сапарғали Мамырбекұлы кәсіпорында еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелеріне құттықтау сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласында атқарып келе жатқан еңбектері үшін үздік қызметкерлерге медалдар мен алғыс хаттар табыстады. Атап айтқанда, мекеме басшысы Дариға Адильбекова және мекеме қызметкері Бахыт Кораев Еңбек даңқы төсбелгілерімен мараппаталса, Гульнара Утепова, Арайлы Жумаканова және Сабит Саховқа Алғыс хаттар табысталды.
Айта кететін жайт, мекемеде 73 адам еңбек етеді. Барлығы жүз пайыз кәсіподақ мүшесі. Кәсіподақ төрағасы – Даулет Абдурасилов.