Орал қаласы Сәкен Ғұмаров атындағы балалар сурет мектебінде қалалық білім беру бөлімінің технология, бейнелеу өнері әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне арналған «Жаңарған өлкем» атты көркем еңбек, бейнелеу өнері пәндері мұғалімдерінің сурет байқауы өткізілді.
Байқау БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының қолдауымен өтті.
Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес байқау өткізудегі мақсат – мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, тәжірибе алмасуына бағыт – бағдар беру, ақпараттық технологияларды пайдаланып, шығармашылықпен жұмыстануына қолдау көрсету, жаңа форматтағы оқу бағдарламаларын шығармашылық жұмыстарға пайдаланудағы шеберлігін анықтау және тың тақырыптардың тәжірибемен байланысуы.
Барлық байқауға қатысушылардың ұсынған жұмыстардың орындалу стилі мен бағыттары бойынша ерекшеленіп, техникалық тұрғыда өте ұқыпты жасалғанымен, қазылар алқасының әділ шешімімен «үздік» деп танылған жұмыстар жоғары бағаланып, жүлделі орындарға ие болды.
БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалы еңбеккер құқықтарын ғана қорғап қоймай, мәдени-мерекелік іс шараларда да үнемі қолдау білдіреді.