Ақтөбе облыстық мұғалімдер спартакиадасы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі спорт мерекесі Ақтөбе облысының білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Жарысқа 12 аудан мен қала мектептерінен 400-ге тарта педагог қатысып, бірнеше спорт түрінен сынға түсті.
Спартакиада мақсаты мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздардың денсаулықтарын нығайтып, физикалық және психологиялық дайындығын ұштау. Педагогтер арасында достық, ынтымақтастық сияқты игі қасиеттерді дәріптеу болып табылады.
Спорттық бәсекеде мұғалімдер шағын футбол, волейбол, теннис ойнап бой сергітті.