ХЕҰ миссиясы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және әлеуметтік әріптестер заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде ҚРКФ басшылығының Халықаралық еңбек ұйымының миссиясымен кездесуі өтті. Миссия делегациясының құрамында ХЕҰ Миссиясының басшысы, ХЕҰ халықаралық еңбек нормалары және еңбек құқығы жөніндегі маманы Миранда Фаджерман, ХЕҰ Мәскеу бюросының еңбеккерлер қызметі жөніндегі аға маманы Гоча Александрия, ХЕҰ жұмыс берушілерімен байланыс жөніндегі бас маманы Владимир Чурович, ХЕҰ-ның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Талғат Өміржанов болды.

Миссияға қатысушыларды қарсы алған ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің өзекті аспектілерімен, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру, ХЕҰ стандарттарына сәйкес әлеуметтік әділеттілікті және лайықты еңбекті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс бағыттарымен бөлісті.

Халықаралық нормаларды қолдану және 2022 жылдың мамырында Қазақстанға келген Тікелей байланыс миссиясының ұсынымдарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Күннің екінші бөлігінде ХЕҰ Миссиясының делегаттары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерімен, Әділет министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Тараптар 2022 жылдың маусымында үкімет ұсынған заңнамалық өзгерістер жобасына ХЕҰ түсініктемелеріне байланысты заңнаманы реформалау жөніндегі техникалық топпен ұжымдық еңбек дауларын шешуді жетілдіру үдерістерін талқылады.

ХЕҰ миссиясы жұмыс берушілер бірлестігі туралы заң жобасын талқылауды жалғастырады.

Сәрсенбіде, 2 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алаңында мүдделі министрліктермен, «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен және кәсіподақтармен бірлесіп «Еңбек әлеміндегі зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы» ХЕҰ-ның 190 конвенциясын бірлескен талқылау өтеді.

Миссия жұмысының түпкілікті нәтижелері ХЕҰ Еңбек нормалары және құқық комитетінің 2022 жылдың желтоқсан айында өтетін отырысында жарияланады.

ҚРКФ медиаорталығы