«Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» АКБ заң клиникасына жекеменшік компанияның маманы жұмыскердің денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туралы түсінік алу үшін жүгінді.
Заң клиникасының заңгері Дүйсембі Қарабаев атап өткендей, ҚР Еңбек кодексінің 122-бабында жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығын көзделген. Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін шығыстар өтелуге жатпайды.