«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жаңабердиев Қайрат Жетібайұлы және спорт мектебінің қызметкерлері қатысты.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен және оны іске асыру шараларымен, сондай-ақ заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістермен және толықтырулармен таныстырып, қатысушылардың көтерген мәселелері мен сұрақтарына жауап берді.