Әлеуметтік әріптестік жылы аясында салтанатты қабылдау өтті

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ аппаратының кеңсесінде орналасқан теміржол көлігі мұражайында «Қазкөліккәсіп» кәсіподағының «Астана» филиалы Әлеуметтік әріптестік жылына арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялады. Басты мақсат – Үкімет пен жұмыс берушілер тарапынан әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, еңбек заңнамасын жетілдіру, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын жақсарту, жалақыны арттыру және кәсіподақ активі үшін лайықты еңбек жағдайларын жасау бойынша бірқатар шараларды әзірлеу және іске асыру.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік әріптес ретінде салалық кәсіподақ көтеретін проблемалық мәселелерге түсіністікпен қарайды. Компания мен оның еңбек ұжымы арасында 2021-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жасасу елордалық теміржол торабының кәсіпорындарында тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге, оның қызметкерлерін әлеуметтік-экономикалық қорғау бойынша теміржол көлігінің үздік дәстүрлерін сақтауға мүмкіндік берді деп сеніммен айтуға болады. Бірақ, жалпы алғанда, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде кәсіподақтың қатардағы мүшелерінің және бірінші кезекте республикалық деңгейде мүдделерін түбегейлі қорғау талап етіледі», – деп атап өтті іс-шараның ашылуында кәсіподақтың «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев.

Содан кейін шақырылған әлеуметтік әріптестерге «Кәсіподақпен бірге 30 жыл» мерейтойлық белгілері, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Марапатталғандардың қатарында: «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалының директоры А.Акашов, «Северный» Жолаушылар тасымалы АҚ өңірлік филиалының директоры Г.Қонысбаева, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Д.Күлекеев, «ҚТЖ – «Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы» АҚ филиалы С.Назыров, «Вагонсервис» АҚ Ақмола филиалының директоры Т.Саурбаев, «Экспресс» жолаушылар тасымалы АҚ филиалының директоры М.Тұрсынбаев, «Кедентранссервис» АҚ бас инженері Ю.Юревич, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Теміржол вокзал кешені» филиалының директоры Э.Шинтеков және т.б. бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ шығармашылық жастарының күшімен шағын концерт берілді. Соңында барлық қатысушылар үшін теміржол көлігі мұражайы бойынша экскурсия өткізілді.