ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Ленин атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтуы

3 қарашаға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада қайғылы оқиға болып, бес кенші қаза тапты, төртеуі жарақат алды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан және жеке өз атымнан қаза болғандардың туыстары мен әріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын және зардап шеккен кеншілердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

Қазір «Қорғау» кәсіподақ ұйымы қайғылы оқиғаның себептерін анықтауға жан-жақты көмек көрсетуде. Кәсіподақ тарапынан зардап шеккендер мен қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин