Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының отырысы өтті.
Кеңесті аша отырып Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» АҚ газсыздандыру арнайы шахтасы Басқармасының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтып, Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатқан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, сондай-ақ кеңеске қатысушыларды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Ленин» атындағы шахтадағы топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы хабардар е тті.
Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек Облыстық үшжақты комиссияға облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларының сақталуын бақылауды тоқсан сайын қарауды ұсынды және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлерінің талаптарын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін айтты.
Кездесу барысында «2021-2023 жылдарға арналған Саран қалалық үшжақты Келісімнің іске асырылу барысын бақылауды ұйымдастыру және қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» мәселелер қаралды, ақпаратпен Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов сөз сөйледі.
Бірінші мәселе бойынша үшжақты комиссияның мүшелері облыстық үшжақты комиссияның жұмыс тобында белгіленген ескертулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптары шеңберінде Саран қалалық комиссиясының әлеуметтік әріптестігін ұйымдастыруда ұсынымдар берді.
Екінші мәселе бойынша, жұмыс беруші Артур Бейсегеримовтың куәлігіне сәйкес, қызметкерлер өкілі Наталья Попованың келісімі бойынша тараптар арасында келісімге қол жеткізіледі және ағымдағы жылдың 16 қарашасына қарай «BasselGroupLLS» ЖШС кәсіпорнындағы қызметкерлердің жағдайын жақсартатын ұжымдық шартқа қол қойылады.
Сондай-ақ, Облыстық үшжақты комиссияның мүшелері «Қарағанды облысының әкімі, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған қолданыстағы Облыстық келісімге толықтырулар енгізу туралы» мәселені қарады, ол бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Кәсіподақ Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков пен Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұханов сөз сөйледі.
Болат Жұмабеков комиссия мүшелеріне Облыстық келісімге енгізілетін бұл түзетулер, жұмыс топтарының отырыстарында егжей-тегжейлі қаралғанын және тараптардың: қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және мемлекеттік органдардың барлық ұсыныстары мен ескертулері көрсетілгенін хабарлады.
Енгізілген түзетулер тиімді ұжымдық шарттар жасасудың рөлін арттыру және облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында Қарағанды өңірінің еңбекші тұрғындарының ақшалай табыстарын сатып алу қабілетін қолдауда жүйелі тәсілді қалыптастыру қажеттілігін нақтылайды.
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі Облыстық үшжақты комиссияның тараптары енгізілген ұсыныстарды мақұлдады және алдағы екі аптада бекітілген шешім Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тіркелу үшін жіберілетін болады.