Кәсіподақ төрағасы еңбек ұжымдарымен кездесулерді жалғастыруда

«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалының құрамына кіргізу мақсатында «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев «T-BUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті.


Автопарк қызметкерлерімен кездесуде Бауыржан Ілімшеұлы кәсіподақтың қажеттілі, ұжымдық шарттың тиімділігі, кәсіподақтың атқаратын қызметі мен міндеттеріне тоқталып, кеңінен түсіндіріп өтті.

«Кәсіподақ – еңбек адамының мұң-мұқтажын, мақсат-мүддесін қорғайтын пәрменді ұйым. Еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, жұмыскерлерге әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету, ұжымдағы еңбек дауларын оңтайлы шешу – кәсіподақ ұйымдарына жүктелген маңызды міндеттердің бірі» -деді Бауыржан Ілімшеұлы.

АКБ төрағасы жұмысшылармен пікір алмасу барысында олардың тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Кәсіподақтың тиімділігі жайлы толық ақпараттанған автопарк қызметкерлері мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымын құру қажет екенін бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, «T-BUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірде жолаушы тасымалымен айналысады. Парк автобустары 34 бағытта қызмет көрсетеді. Серіктестікте бүгінде 350 қызметкер жұмыс жасайды.