Мұнай саласының үздіктері марапатталды

“Мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы” ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиевтің төрағалығымен Маңғыстау облысының мұнай-газ кешенінің салалық және жергілікті кәсіподақтар төрағаларының кездесуі өтті.

Сұлтан Қалиев мұнай-газ кешені жұмысының негізгі аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Кездесу аясында Маңғыстау облысының мұнай-газ кешенінің кәсіби жетекшілері марапатталды. “Ерен еңбегі үшін” медалімен Талғат Айдынов, ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысынан “Салалық кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” медалімен Марат Темірқасов, “Қазақстан мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы” ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиевтың “Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен Орынбасар Қанбаев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан “ҚР Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі, көп жылғы адал еңбегі және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін” Құрмет грамотасымен Майрамбай Сәрсенбаев, “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Басқарма төрағасының медалімен Серіков Саламат марапатталды.