Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында «Үздік ұжымдық шарт – 2022 » республикалық байқауы жарияланған болатын.
Байқаудың мақсаты кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде әлеуметтік әріптестікті дамыту және жетілдіру, пәрменді ұжымдық шарттар қабылдау, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде жұмыс берушілердің мүдделілігі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, еңбек заңнамасының нормалары мен кепілдіктерін сақтау болды.
Салалық деңгейде «Үздік ұжымдық шарт – 2022» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаз атанған Түркістан облысы Сарыағаш ауданы «Нұрболат» медицина орталығы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ІІ дәрежелі Дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды. Марапаттарды жұмыс беруші мекеме басшысы Мелдешов Жарылқасын Мелдешұлын, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Байқұл Сейтжан Сейдахметұлын құттықтап, облыстық филиалдың төрайымы К.А.Есебаева тапсырды.
Сөз кезегінде мекеме басшысы Жарылқасын Мелдешұлы Қазақстан кәсіподақтарының атқарып жатқан жұмыстарына тілектестігін білдіріп, алдағы уақыттада кәсіподақ қозғалысына белсенді араласып, қолдау көрсететінін жеткізді. Ұжымына, салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповқа алғысын білдірді.