«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының қолдауымен 2022 жылғы 12-13 қараша күндері Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында облыстық медицина қызметкерлері арасында үстел теннисінен облыстық турнир өткізілді.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Турнир Денсаулық сақтау саласының көптеген қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, үстел теннисін дәріптеу, сондай-ақ медициналық мекемелердің өзара іс-қимылы мақсатында өткізілді.
Турнирге қатысушылар жақсы тактикалық және дене шынықтыру дайындығын, сондай-ақ командалық ұйымшылдық пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Турнирдің барлық кезеңдерінде эмоционалды және қызықты ойын өтті.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар былайша анықталды: ерлер командалары арасында Павлодар медициналық жоғары колледжі турнир чемпионы атанды, Павлодар облыстық фтизиопульмолонология орталығының командасы «күмісті» жеңіп алды, ал құрметті «қола» Ақтоғай аудандық ауруханасына бұйырды.
Әйелдер командалары арасында жүлделі орындар былайша бөлінді: турнир чемпионы Ақтоғай аудандық ауруханасы болды, «күміс» Май аудандық ауруханасы жеңіп алды, ал «қола» Павлодар медициналық жоғары колледжіне бұйырды.
Жүлдегерлер медальдармен, Құрмет грамоталарымен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ПОФ жастар кеңесінің төрайымы Сандуғаш Исина турнирдің барлық жүлдегерлері мен қатысушыларын қызықты ойынмен құттықтады! Павлодар медициналық жоғары колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Н.Н. Сидоровқа және төрешілер құрамына үстел теннисінен турнирді ұйымдастыруға және өткізуге көмек пен қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс айтылды.