Марапат төрінде – қаржыгерлер

Ұлттық валюта – төл теңгеміздің айналымға енген күнінде кәсіби мерекесін атап өтетін қаржы саласының мамандарына Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы құрмет көрсетті.


Төрайым Ляззат Күнеділова мысты өлкенің бас педагогі Жеңіс Әлмағанбетовпен бірге білім саласында есеп-қисап жүргізіп, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға сүбелі үлес қосқан бірқатар бухгалтерлерді марапаттады. Атап айтқанда, Баян Ақбергенова, Айнагүл Оразбекова, Майя Смайлова Жезқазған қаласының Құрмет грамотасымен, Гульмира Ажибекова, Гаухар Утеева, Татьяна Кульковец, Перизат Караева Жезқазған қаласының Алғыс хатымен еленді.

Ал Жұлдызай Жугунисова мен Айнура Муратова, Гульнар Утемисова және Жумакул Оразбекова Жезқазған қаласының білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен мадақталды.

“Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды.Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы бар. Мереке қарсаңында білім беру ұйымының барлық қаржы саласының қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз”, – деп төрайым Ляззат Кунедилова барша кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекесімен құттықтады.