Қарағанды облысында еңбек адамының құқықтары жөнінде семинар-тренинг өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы Қарағанды өңірінде адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросының ұйымдастыруымен кәсіподақ өкілдері мен мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Тренингті адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро басшысының орынбасары Денис Дживага бастап берді, ол бюроның демократияны дамыту, құқықтың үстемдігі және білім беру арқылы азаматтық қоғамды дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Тренингтің бірінші жартысында Юрий Гусаков кәсіподақ ұйымдары мен еңбек инспекциясының өкілдерін Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі Азамат Тілешевпен таныстырды.

Қазақстандық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Халықаралық бюроның Қарағанды филиалының директоры Юрий Гусаков өз сөзінде тренингке қатысушыларға Халықаралық еңбек ұйымының еңбек саласындағы халықаралық қағидаттар мен шарттардың ережелерін нақтылайтын Қазақстан Республикасы ратификациялаған Конвенцияларының тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ жұмыскерлердің жұмыс берушімен өзара қарым-қатынасының халықаралық-еңбек нормалары туралы айтып берді.

Тренингтің екінші жартысы кәсіподақ ұйымдары, еңбек инспекциясы және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы практикалық өзара бірлескен жұмыс мүмкіндіктері туралы талқылау және пікір алмасу түрінде өтті, нақты мысалдар қаралды.

Ашық талқылауға – сауда, агроөнеркәсіптік кешен және құрылыс саласы саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Айзада Жұмабекова және Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасының өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық және автожолдар саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Төлеген Кулумбетов, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Салалық және Жергілікті кәсіподақтарының Аумақтық құрылымдарынан құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Айқын Ахметов, Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының төрайымы Татьяна Мирхайдарова,«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев, Қазақстан Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымы Қазыбек би аудандық комитетінің төрайымы Марал Кашенова, «ҚАЗПРОФТРАНС» Салалық кәсіподағының облыстық филиалы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – «Қарағанды бөлімшесі-БП» филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқашев, «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Аймира Баграмова және Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығының еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Әли Абжанов қатысты.

Тренинг соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға ұсынылған диалог алаңы, кездесудің практикалық бағыты үшін алғыс білдіріп, Еңбек Адамы құқықтарын қорғау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.