Білім қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді

Бүгінгі таңда мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға. Ұстаздардың жаңашыл, кәсіби шебер ұстаз болып қалыптасуына, оқыту мен оқудың нәтижесін жақсартуда бүгінгі таңда желілік қоғамдастық қызметінің берері мол.


Осы желілік қоғамдастық шеңберінде Әйтеке би ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен семинар-коучинг өтті.

Талдысай орта мектебінің базасында үйымдастырылған шараға 5 білім ордасының 30-дан астам ұстазы қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар мақсаты – желілік қоғамдастық мектептермен бірлесе отырып, АКТ-ны тиімді қолдану, тәсілдерін меңгеру, практика жүзінде көрсету. Бағдарлама бойынша мұғалімдер өз білім-дағдыларын ортаға салды. Семинарға қатысушыларға аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов, мектеп директоры С.Біртаева аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен алғыс хатын табыстады.