Кәсіподақ өкілі бастауыш ұйым мүшелерімен кездесті

Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов Сарысу ауданының ортағылы Жаңатас қаласына жылу беріп отырған «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорны ұжымымен кездесті.


Кездесуде Бахтияр Сайлаубекұлы жұмысшыларға ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен әр өңірде өтіп жатқан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының мақсатын түсіндіре отырып, бүгінде еліміздегі кәсіподақ ұйымдарының атқарып отырған жұмыстары туралы қысқаша айтып берді.

Басқасуда кәсіпорын жұмысшылары қазандықтың маусымдық жұмыс атқаратын болғандықтан, жаз мезгілінде жұмыс көлімінің азайып калатынын алға тартты. Сонымен қатар тарифтік шектеулерге байланысты айлықты көтерудің мүмкіндігін жоқ екенін жеткізді.

Қысқы маусымда «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнына жұмысшылар саны 168 адамға жетеді. Жұмысшылардың орташа айлығы 108 мың теңгені құрап отыр. Бастауыш кәсіподақта ұйымында 110 мүшесі бар.