«SENIM» салалық кәсіподағының Атқару комитетінің №192 қаулысына сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 31 мамырға дейінгі жыл сайынғы атаулы стипендия бекітілді.
Стипендия иегерлері болып «Қарағанды жоғары мейіргер интерколледжі» ЖМ емдеу ісінің 3 курс студенті Мун Михаил Евгеньевич, «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК емдеу ісінің 3 курс студенті Алдожанова Әсем Мейрамқызы, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі» КМК мейіргер ісінің 4 курс студенті Сансызбаева Гулайым Қуатқызы танылды.