Электрондық еңбек шарттарын жүйеге енгізу мәселесі қаралды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов төрағалығымен өткен комиссия отырысының күн тәртібінде жұмыс берушілердің электрондық еңбек шарттарын жүйеге енгізу мәселесі қаралды.

Комиссия отырысына шақырылған 30-ға жуық қала мекемелері өкілдері электронды еңбек шарттарын тіркеу бойынша туындаған мәселелер мен еңбек шарттарын жүйеге енгізу жұмыстарының өз дәрежесінде жүргізілмеу себептері туралы уәждерін білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Комиссия отырысы қорытындысында тиісті басқармалардан интернет порталында туындаған мәселелер бойынша жоғарғы органға ұсыныстар жолдануы, кәсіпорындар мен мекемелерде жұмысшылардың еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу туралы түсіндірмелерді жалғастыру жайлы хаттамалық тапсырмалар берілді.