«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сарыағаш қаласында Толыбай батыр атындағы № 66 жалпы орта мектебінде кәсіподақ мушелерине оқу семинары өтті. Семинар тақырыбы: «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі».
Семинарды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шайдулла Жандос ашып берді. Семинарға Сарыағаш қаласының Толыбай батыр атындағы № 66 жалпы орта білім беретін мектебі, А.Сүлейменов атындағы № 2 жалпы орта мектебі және Ю.Гагарин атындағы № 4 жалпы орта мектебінің директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және келісу комиссиясының мүшелері қатысты.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Кидирбаева Райхан Мамашиқызы білім саласының белсенді кәсіподақ мүшелеріне семинар сабақ өткізу барысында келісу комиссиясының атқарар қызметі мен жауапкершілігі туралы кең ауқымды түсінік берді. LED экранды пайдалана отырып, ерекше көрнекіліктермен өткізілген семинардың берері мол болды. Білім саласында кездесетін дау-дамайлардың ұтымды, Заң негізінде шешілуіне ықпал етіп, белсенділік танытатын, ұжымның сенімін ақтай алатын тұлға «келісу комиссиясының» мүшелері екенін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, Райхан Мамашиқызы қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің кеңесін беріп, өз тәжірибесінде болған мысалдар келтіріп, осы дауларды шешудің жолдарымен бөлісті. Семинарды өткізу барысында сұрақ-жауап форматы қолданылды.
Семинар аяқталған соң ««Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Келісу комиссиясының мүшелеріне оқудан өткені туралы сертификаттары берілді.
Кездесу соңында ұстаздар өздерінің алғыстарын білдіріп семинар жоғары деңгейде өткенін атап өтті.