Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Жас психолог-2022» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – талантты, мобильді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби құзыреттілігі жоғары психологтарды анықтау, оларға қолдау көрсету және ынталандыру, үздік педагог-психологтарды анықтау, олардың тәжірибесін көрсететін әдістемелік материалдар базасын қалыптастыру, психологтарға кәсіби біліктілігін арттыруға, шығармашылық ойларымен алмасуғу және озық тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасау, психологтардың білім беру ұйымдарында өзін-өзі кәсіби жетілдіру мақсатында ынтыландыру.
Байқау шарты бойынша мамандар қазылар алқасының назарына жеке портфолияларын ұсынып, үздік бағдарламаларын таныстырды. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу, әртүрлі психотехниканы қолдана отырып көрініс көрсету арқылы сынға түсті.
Байқау жеңімпаздарын аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов және әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Сейтпанова құттықтап, алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.
Жарөткел НОББ мектебінің психологі Ақниетова Мадина Хамитқызына байқаудың облыстық кезеңіне жолдама берілді.