Кәсіподақ төрағасы еңбеккерлермен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді

Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов «Аяла» балаларды оңалту орталығының ұжымымен кездесті.

Бүгінде бұл оңалту орталығында 105 адам жұмыс істейді. Мұндағы мамандар ерекше балалардың әрқайсысымен жеке жаттығу жасап, қоғаммен бірге өмір сүруіне жағдай жасайды. Әр түрлі бағыттағы мамандар неврологиялық, тірек-қимыл қозалысының патологиясы бар, жарақат алған, ортопедиялық, соматикалық созылмалы аурулары бар балаларды емдеу үшін – педагогикалық түзету, музыкалық терапия, кәсіби терапия, ойын терапиясы бойынша емдеу курсын жүргізеді.

Аталмыш облыстық аурухана – «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы.

Басқосуда Бағлан Қарашолақов облыстық кәсіподақтар орталығының жұмысына тоқтала отырып, казіргі кезде еңбек адамдарының лайықты жалақы алу мәселелерін кеңінен тарқатып, медицина мамандарының жалақы мөлшері мен еңбек жағдайлары туралы қойылған сұрақтарына жауап берді.

Оңалту орталығы қызметкерлерінің көтерген өзекті мәселелерінің бірі, ол мына жұмысқа қатынайтын қоғамдық көліктің болмау, соның салдарынан жұмысшылар бірталай жер жаяу жүретіні айтылды. Бұл мәселе облыстық кәсіподақтар орталығының назарына алынды.

Кездесуді қорытындылаған облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Жиеләліұлы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы тарапынан еңбек адамын ұлықтау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап айтты.