Екібастұздағы ТЖ: апатты тез арада жою жолындағы кәсіподақ ынтымақтастығы

Апат болғаннан бері Екібастұз қаласында Павлодар облысының әкімі А.Сқақовтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істеп, апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіподақ мүшелерін қолдау мақсатында 28 қарашада Екібастұз қаласына жедел кәсіподақ қолдау тобы аттанды.

Жылу желілеріндегі апатты Екібастұз қаласы кәсіпорындарының қызметкерлері: жөндеушілер, дәнекерлеушілер, сантехниктер, жылу беретіндер қалпына келтіруде. Өндірістік міндет апаттың себебін анықтау және оны жою ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй объектілерінің, әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілердің, заңды тұлғалардың ішіндегі жылу желілерін жұмыс күйінде ұстау болды. Жөндеушілер бригадалары, оның ішінде «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС бу шығарындылары жағдайында -31 градус аязда тәулік бойы жұмыс істейді. Жөндеу бригадаларымен кездесу олардың жауынгерлік көзқарасын, батылдығын және қалыпты жылумен қамтамасыз етуді тезірек қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарын аяқтауға толық бел буғанын көрсетті. Балабақшалар мен мектептер жабылғаннан кейін жекелеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылығы жалғызбасты және көпбалалы ата-аналарға қысқа мерзімді ақылы демалыс беру мәселесін қарастырды. Екібастұздың барлық тұрғындары бір-бірін қиын жағдайда қолдап, апаттың салдарымен күресуге ниет білдірді. Кәсіподақтар жұмыс берушілермен бірге жөндеу бригадаларына қолдау көрсетеді, ыстық тамақ, жылыту үшін оқшауланған көлік ұйымдастырды. Жалғызбасты еңбек ардагерлері тұрақты бақылауға алынды. Оларға жылытқыштар үйге жеткізіледі. Кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттеріне келіп түскен барлық көмек туралы өтініштер шұғыл және нәтижелі қаралады.


Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанованың, «Павлодарэнерго» энергожүйесі жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Б.Төлеубаевтың «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрайымы М. Мусиновамен кездесуінде ол қызметкерлердің қалыпты тыныс-тіршілігін қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерді, екібастұздықтардың мызғымас ерік-жігерін, техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың күрделі кезеңіндегі бірлік пен ұйымшылдықты қолдану туралы атап өтті.

Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы кәсіподақ мүшелері арасынан педагогтар мен педагогикалық еңбек ардагерлерінің көпбалалы отбасылары ынтымақ танытып, қолдау көрсетті. «Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Науразбаева кәсіподақ активімен Екібастұз қаласына барып, оларға жылыту үшін 65 жылытқыш пен 5 жылу пушкаларын жеткізді. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Екібастұз қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының барлық кәсіподақ комитеттерімен байланыста, қызметкерлердің мүддесі үшін 24/7 режимінде, оның ішінде 87477025840 жедел желі телефоны арқылы кез келген жәрдем көрсетуге дайын.