Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жеңістің 100 жылдығын еске алу» атты IV Түркі әлемінің білім және әлеуметтік ғылымдар бойынша конгресіне қатысуда. Халықаралық шара Türk Eğitim-Sen Түркия білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының және UEASEB-тің ұйымдастыруымен өткізілуде.
Ғылыми жиынның пленарлық отырысын Түркия білім кәсіподағының төрағасы Талип Гейлан ашып, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Македония, Солтүстік Кипр және т. б. елдердің білім кәсіподақтарының өкілдері сөз сөйледі. Конференцияның секциялық бөлімдерінде әр елден келген ғалымдар ғылыми жұмыстарын баяндап, пікір таластырады.
Қазақстан делегацияның қатарында болған Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы, докторанты Ольга Сұлтанғалиева «Тәуелсіздік дәуірі поэзиясындағы ұлттық-мәдени концептілер» тақырыбында баяндама жасады. Түркия төрінде шетелдік ғалымдар Хромтау ауданы, № 7 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Рустам Біржановның «Великие тюрки-Великой степи» атты ғылыми мақаласына ден қойды.
Айта кетейік, конгресс жұмысына Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелері – ғалымдары, өкілдері қатысуда. Конгреске әлемнің 33 елінен 1200 адам, олардың 600-ге жуығы шараға тікелей, қалғандары онлайн режимде қатысып отыр.