Халықаралық “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес” күніне орай Алға ауданындағы білім беру мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
Шараның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, ана мен баланы қорғау, отбасылық зорлық-зомбылық профилактикасын арттыру болып саналады.
Шара барысында зорлық-зомбылық тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәзік жанды әйел адамдар мен қыз-келіншектердің денсаулығы, отбасында болатын зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары мен қысым көрсетудің таралуына жол бермеу туралы мәселелер жан-жақты талқыланды.