Кәсіподақтар әрқашан бірлікте жұмыс істейді, ең қиын жағдайларда жұмысшыларды қолдайды. Екібастұз қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін кәсіподақ көмегі дереу көрсетілді.
«КазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Екібастұз» НПС сегіз қызметкеріне жылытқыштар, термостар, қажетті заттар сатып алуға жалпы сомасы 400 мың теңгенің сертификаттарын табыс етті, сумен жабдықтаудың бұзылуы салдарынан зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге қаражат бөлді.