Ұстаз есімі ұлықталды

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жаңаарқа аудандық филиалының ұйымдастыруымен волейболдан аудандық еске алу турнир өтті.


Ала доп додасы аудан жұртшылығына сыйлы Шарбан Керейбаеваның құрметіне арналды. Ұзақ жылдар бойы Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің кітапханасында адал еңбек еткен Шарбан Орынбекқызының өнегелі өмір жолынан сыр шертіп, әріптестері жылы естелікпен бөліскен турнирдің ашылуында кәсіподақ белсенділері өнерлерін ортаға салды.

Тартысты ойынмен жалғасқан турнирдің қорытындысы бойынша аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Оразхан Мұхамеджанов жеңіс тұғырынан табылған командаларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.