Ырғыз ауданындағы білім беру ұйымдары республикалық “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясына белсене атсалысты.
Мәселен, №1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
М.Төлегенов атындағы орта мектебінде “Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау-ардың ісі” тақырыбында шара өткізілді. Ырғыз гимназиясы, “Ырғыз” мектептен тыс аула клубы, Белшер негізгі мектебі, “Аққайың” бөбекжай-бақшасы, “Гүлдер” балабақшасында да аталған тақырыпта дөңгелек үстел, тренингтер ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту болып табылады.
“Тұрмыстық зорлық-зомбылық-қоғамның қасіреті. Өйткені, соның салдарынан ана да, бала да зардап шегіп, бақытсыздыққа душар болып жатады. Сондықтан, мұндай жайттарды болдырмай, алдын алуға баршамыз атсалысуымыз керек-ақ. Сонда ғана ортақ Отанымыз, қоршаған қоғамымыз гүлденеді”, – дейді ұйымдастырушылар.