Татуластыру орталығында қызметкерлердің жалақысын төлемеу туралы өтініштер қаралды

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанованың қабылдауына «Best Milk» ЖШС-де ыдыс жуушылар мен сүт өнімдерін буып-түюшілер жұмыс істеген кезең үшін жалақы алу мәселесін шешуге қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Өтініштер бақылауға алынды. Бір мезгілде өтініш берушілер кәсіпорында тексеру жүргізу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға өңірдің еңбек басқармасына жүгінді.


Еңбек дауын шешу үшін тараптарға Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында дереу татуласу келіссөздерін жүргізу ұсынылды.

2022 жылғы 30 қарашада өтініш берушілердің, «Best Milk» ЖШС жұмыс беруші өкілдерінің, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанованың, билер облыстық кеңесінің мүшесі  П.Сурма, кәсіби медиатор М.Иванованың қатысуымен тараптардың ұстанымдарын айқындау, татуласу және өзара қолайлы шешім іздеу үшін кездесуі өтті.

Алғашқы татуластыру кездесуінің нәтижелері тараптарға өз ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік берді. Уақытша іс-сапарда жүрген кәсіпорын басшылығының қатысуымен шешуші кездесу еңбек дауын сотқа дейінгі және соттан тыс шешу мүмкіндігін сотқа талап арызбен жүгінбей анықтауға мүмкіндік береді.

Дереу Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде өтініш берушілерге құқықтық кеңес беру және кәсіпорынның келісім комиссиясына өтініш жасау бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер оған жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеуге құқылы, ал жұмыс беруші қызметкерлерге тиесілі жалақыны уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті. ҚР ЕК-нің 134-бабына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуге тиіс. Егер көрсетілген кідіріс жұмыс берушінің кінәсінан болса, онда жалақыдан басқа, ол қызметкерге өсімпұл төлеуге міндетті. Жоғарыда айтылғандардан басқа, қызметкер сот тәртібімен моральдық зиянның орнын толтыруды талап ете алады. Біз өтініш берушілерге заңды түсіндірдік, бірақ дауды медиация туралы келісім жасау арқылы тез және шығынсыз шешуге болады. Кәсіпорын басшылығы бұл мүмкіндікті қарастырады деп үміттенеміз», – деді Д.Айтжанова.