Әйелдер құқығын қорғау – қоғам назарында

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы аясында Қаражал қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бастамасымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен түрлі форматта кездесулер ұйымдастырылды.


Келелі кездесуде нәзік жандылар жәбір көру үшін емес, елдің саналы ұрпағын дүниеге әкеліп, тәрбиелеу үшін жаралғандығы жайында айтылып, зорлық-зомбылықтың қай түрі болмасын қылмысқа жататыны түсіндірілді. Әйелдер қауымына өз құқығы мен мүддесін қорғау жолында заңнамалық тұрғыдан кеңес берілгені тағы бар.