Бүкіл әлемде жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны өтеді.
1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 83-ші пленарлық отырысында жыл сайын 25 қарашада атап өтілетін Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні туралы 54/135 қарарын қабылдады.
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» әлеуметтік акциясы аясында Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында семинарлар, сынып сағаттары, тренингтер өткізілді.
Зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің барлық елдері үшін өзекті болып қала береді. Әр түрлі нысандарда зорлық-зомбылық адам құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде денсаулық пен қол сұғылмаушылық құқығын бұзу болып табылады. Зорлық-зомбылықтың барлық түрлері гендерлік теңсіздік пен кемсітушілікке негізделген.
Бұл іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік кеңес беру, қалың жұртшылықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы ақпараттандыру.