«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Бақытты отбасы» ұранымен Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне іс-шара өткізілді.
Кездесудің мақсаты – отбасындағы қыз-келіншектерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығының заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету жайында мәселелерді қозғау.
Осы орайда мектеп психологі М.Қостанова шараны «Киіз үй», «Бақыт» тақырыбындағы ширату ойындарын өткізу арқылы мектеп ұстаздары мен қызметкерлерінің пікірлерін тыңдады. Шара барысында кәсіподақ төрайымы Г.Бегалина презентация көрсетіп, «Бес саусақ» әдісі арқылы «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» тақырыбында өз ойларын ортаға салғызып, ой-түйін жасатты. Сонымен қатар, «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстелге келген тыңдаушыларға бүктемелер таратылды.