Шымкентте кәсіподақ қатары артпақ

Шырайлы шымшаһарда болашақ бастауыш кәсіподақ ұйымымен «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалының құрамына кіру үшін келіссөздер жүргізілді.

Кәсіподақ қатарына Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында салынған 320 орынға шақталған – «Атамекен» бөбекжай балабақшасы қосылмақ.

Жүргізілген келіссөз барысында балабақша қызметкерлеріне еңбек ұжымында кәсіподақтың атқаратын рөлі мен тиімділігі, еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру, әлеуметтік-мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу, жұмыс орындарындағы еңбек заңдылығының сақталуын қадағалау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі жайлы ақпарат беріліп ұжым қызметкерлеріне толыққанды түсіндірілді.

Кездесу нәтижесінде мекемеде кәсіподақ ұйымын құру қажет екенін жұмысшылар бірауыздан қолдап, кәсіподақ қатарына кіруге бет бұрды. Бүгінде аталмыш балабақшада 68 қызметкер жұмыс атқарып келеді.